Қостанай облысында 15 жастағы қыз суға батып кетті

0
558

Қыздың денесін сүңгуірлер тапты.


Қостанай облысында 15 жастағы қыз суға батып кетті

ERNUR.KZ. Рудныйда 15 жастағы қыз Тобыл өзеніне батып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Сайттың мәліметінше, қайғылы оқиға 29 мамырда Тобыл өзненіндегі ескі жағажайда болған. Бұл ақпаратты әкімдік растады.

"Бір кездері Рудный құтқару станциясы осында орналасқан. Бұл жер көптеген жылдар бойы шомылуға жабдықталмаған. Бірақ адамдар әлі де осында демалуды жалғастырады", - деп түсіндіреді басылым.
Сүңгуірлер қыздың денесін сол күні сағат 19:00 шамасында тапты.