Қостанай облысында 2 адам тірідей жанып кетті

0
747

20 және 51 жастағы екі ер адам шөп шабатын жердегі "времянка вагонда" тірідей өртеніп кетті.


Қостанай облысында 2 адам тірідей жанып кетті

ERNUR.KZ. Оқиға Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Қоскөл елді мекенінде болған. Алдын ала болжамға сәйкес, қайғылы жағдайға өрт қауіпсіздігін сақтамау немесе төсекте темекі шегу себеп болуы мүмкін, деп жазады ktk.kz.

Өрт таңғы сағат бес кезінде болды. Көрші вагондағылар өртті көрген кезде тым кеш болған. Олар жалын тарап кетпеуі үшін вагонды өзге вагондардан алшақ жылжытқан. Өрт аумағы - 15 шаршы метр. Оқиғаның нақты себебін алдағы уақытта өртке қарсы қызмет мамандары анықтайды. Қазір өрт-техникалық сараптама белгіленген. Төсекте темекі шегу өрттің негізгі себебі ретінде қарастырылып отыр.

Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті соңғы уақытта ауылда өрт жиілегенін айтады. Өйткені қазір шөп дайындау науқаны қызған. Өрттің басты себебінің қатарында темекіні сөндірмей лақтыру, ұшқын сөндіргіші жоқ трактор қолдану бар. Аптап ыстықтан құрғақ шөп лезде жанады.