Қостанай облысында 29 жастағы әйелді қасқыр талады

0
1 846

Түз тағысы үйінен шыққан 1991 жылы туған әйелге тап берген


Қостанай облысында 29 жастағы әйелді қасқыр талады

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 1991 жылы туған әйелді қасқыр талады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты агенттік тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растады. Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған.

Түз тағысы үйінен шыққан 1991 жылы туған әйелге тап берген.

Қазір қасқыр талаған әйел ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оның жағдайы туралы сәлден соң толық ақпарат беруге уәде етті.