Қостанай облысында ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған

0
756

Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында "бағалы" дәретхананың фотосын жариялап қысқаша жазба қалдырды.


Қостанай облысында ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған

ERNUR.KZ. Қостанай облысында ағаштан жасалған даладағы дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы Әділдік жолы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде жазды.

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында далада орналасқан дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған.

Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында "бағалы" дәретхананың фотосын жариялап қысқаша жазба қалдырды.

Автор бұл соманың қалай шыққанын шамамен есептеп көрсетті:

1. Ағаштан жасалған қоршау: 60 000 тг.

2. Септиктің бетон сақинасы, қақпақ, құбыр: 40 000 тг.

3. Архимедтің арнайы күректерімен шұңқыр қазу: 500 000 тг.