Қостанай облысында балыққа шыққан ерлі-зайыпты көз жұмды

0
488

​Трагедия бұрынғы "Волна" туристік базасында болды. Адамдар отырған автокөлік мұз астына түсіп кетті.


Қостанай облысында балыққа шыққан ерлі-зайыпты көз жұмды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында үш адам мінген Renault Duster автокөлігі мұз астына түсіп кетті, деп жазады sputnik.kz.

Трагедия 9 желтоқсан, 20.50-де Денисовка ауылында, бұрынғы "Волна" туристік базасында болған.

Балық аулағаннан кейін жолға шыққан автокөлік ойылған мұзға батып кеткен. Салонда отырған үш адамның тек біреуі – 62 жастағы ер адам аман қалды. 56 жастағы жүргізуші мен оның 44 жастағы әйелі ажал құшты.

Суға батқан көліктен аман шыққан отбасының досы бұрынғы туристік базаның күзет үйіне жетіп, болған оқиға жайлы ұлына айтқан. Ал ол 112 қызметіне хабар берді.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жетті. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.