Қостанай облысында блок-бекеттер қойылады

0
713

Санитарлық бекеттер 12 қараша күні сағат 00.00-ден бастап қойылады.


Қостанай облысында блок-бекеттер қойылады

ERNUR.KZ. Қостанай облысының шекарасында санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды.Бұл туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб кеңесінде ол Қостанай, Лисаков, Арқалық, Рудный және Қостанай, Қарабалық, Жітіқара аудандары әкімдерінің есептерін тыңдады. Олар қазіргі эпидемиологиялық ахуал және карантин режимін сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы туралы баяндады.

Штаб мүшелері ұсынған ұсыныстарды ескере отырып, 12 қараша күні сағат 00.00-ден бастап көршілес облыстардың шекарасында облыстың периметрі бойынша санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды. Мониторинг топтардың жұмысы күшейтілетін болады, - деп жазды Қостанай облысының әкімі.

Сонымен қатар, ол тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік желілер арқылы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.