Қостанай облысында егістің 613 мың гектары күйіп кеткен

0
914

Аймақта 18 күн бойы ауа температурасы +35 градустан төмендеген жоқ.


Қостанай облысында егістің 613 мың гектары күйіп кеткен

ERNUR.KZ. Биылғы құрғақшылық қостанайлық шаруаларды да тығырыққа тіреп отыр, деп жазады 24.kz.

Ала жаздай жауын-шашынның болмауынан облыстағы егістің 613 мың гектары күйіп кетті. Бұл – барлық алқаптар үлесінің 15 проценті. Аймақта 18 күн бойы ауа температурасы +35 градустан төмендеген жоқ. Әсіресе, оңтүстік өңірлердегі танаптардың жағдайы қиын.

Қуаңшылықтың зардабын Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарының егінжайлары айтарлықтай сезінді. Тағы 45 процентінің күйі қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Егер жақын арада жауын-шашын болса, екі миллион гектар жердегі бидайды құтқаруға болады дейді мамандар.

"Тамыздың 5-і мен 10-ы аралығында жаңбыр жауса, жағдай біршама түзелер еді. Егер құрғақшылық әрі қарай осылай белең алса, онда шығын көлемі ұлғая түспек. Жалпы былтырға қарағанда биыл мол өнімге кепіл жоқ" - дейді Жансұлтан Таукенов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.