Қостанай облысында ер адам балаларының көз алдында суға батып кетті

0
1 718

Обаған өзеніне барған төрт адамның бірі мұз үстінде көлікпен жүрген.


Қостанай облысында ер адам балаларының көз алдында суға батып кетті

ERNUR.KZ. Оқиға Қостанай облысы Меңдіқара ауданына қарасты Харьков ауылында болған. Төрт тұрғын кешкі сағат бес шамасында балық аулауға шығады, деп жазады Stan.kz.

ТЖД қызметіндегілердің айтуынша, Обаған өзеніне барған төрт адамның бірі мұз үстінде көлікпен жүрген. Кенеттен мұз ойылып кетіп, рөлде отырған 72 жастағы қария суға батып кетеді. Ал қайғылы жағдай 21.30 кезінде тіркелді.

“Қайғылы оқиға оның екі ұлы мен досының көз алдында болды. Олар құтқарушыларға қоңырау шалған. Сол жерге облыстың суда құтқару қызметі мамандары барды. Өкінішке қарай, оны ешкім құтқара алмады” , — дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

1949 жылы туған ер адамның денесін сүңгуірлер бүгін таңертең тауып алды. "ВАЗ-21010" көлігі әлі өзен түбінен шығарылған жоқ. Өйткені мұз әлі қалың қатпаған.