Қостанай облысында есірткі зертханасының иесі 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

0
381

Тәркіленген есірткінің нарықтағы құны 15 миллион теңгеге бағаланды.


Қостанай облысында есірткі зертханасының иесі 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Рудный қаласының полиция қызметкерлері психотроптық заттарды дайындау бойынша наркологиялық зертхананың қызметін тоқтатты. Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны кеншілер қаласының автогараж қоғамдарының бірінің аумағында орналасқан гаражды жалға алған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Гаражда тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308,8 грамм «мефедрон» психотроптық заты бар 446 zip-пакетті тәркіледі. Гараждан есірткі заттарының өндірісі мен орамасына арналған кофе тартқыштар, электронды таразы, 94 жаңа zip-пакеттері, этил спирті, полиэтилен пакеттері тәркіленді. Ер адамның өзімен бірге 84 мың теңге ақшалай қаражаты болған.

Рудный қаласы ПБ бастығы Алим Баикқбаевтың айтуынша, аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінде (Аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, қайта өңдеу, сақтау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған ер адам мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.