Қостанай облысында орман өртенді

0
1 330

Федоров ауылынан 75 шақырым қашықтағы Таран орман шаруашылығы мекемесінде қайың мен көктерек үйінділері жанды.


Қостанай облысында орман өртенді

ERNUR.KZ. Қостанай облысының екі ауданында орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Федоров ауданында орман шаруашылығының аумағында өрт фактісі тіркелді.

«Федоров ауылынан 75 шақырым қашықтағы Таран орман шаруашылығы мекемесінде қайың мен көктерек үйінділері жанды. Өрттің себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Тағы бір орман өрті Қарабалық ауданында болды. Михайлов орман шаруашылығы алқабында қайың мен көктерек үйінділері тұтанған. Әзірге тілсіз жаудың қанша аумақты шарпығаны белгісіз. Өрттің себебі, материалдық шығыны және көлемі анықталып жатыр.