Қостанай облысында орманды 49 жылға заңсыз пайдалануға берген

0
956

Кадастрлық құны 30,5 млн.теңге болатын 2 мың гектар орман қорын заңсыз иеліктен шығарудың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасы негізсіз иеліктен шығарудың алдын алған қадағалау актісін енгізді.


Қостанай облысында орманды 49 жылға заңсыз пайдалануға берген

ERNUR.KZ. Қарабалық ауданының прокуратурасы мемлекеттік орман қорына жататын жер учаскелерін заңсыз ұзақ мерзімге берілгенін анықтады, деп жазады sputnik.kz.

Тергеуге сәйкес, 2019 жылы "Михайлов орман шаруашылығы мекемесі" КММ мен "С.П. Жулёва" шаруа қожалығы арасында ауданы 2 201,9 га мемлекеттік орман қоры учаскелерін 49 жылға пайдалану шарты жасалды. Ал екі жылдан кейін "С.П. Жулёва" өзінің шаруа қожалығын қайта құру арқылы "Шағатай Агро" ЖШС-ін бөліп шығарды. Құрылтайшысы да С.П. Жулёва болып табылады.
Ал 2021 жылдың сәуірінде Михайловск орман шаруашылығы "Шағатай Агро" ЖШС-мен 49 жылға дейінгі мерзімге орман пайдалану құқығымен қосымша келісім жасады. Бірақ Орман кодексінің 35-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2021 жылдың басынан бастап орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру құқығын электронды веб-порталы арқылы, тек тендермен ғана өткізу алуға болады.
"Кадастрлық құны 30,5 млн.теңге болатын 2 мың гектар орман қорын заңсыз иеліктен шығарудың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасы негізсіз иеліктен шығарудың алдын алған қадағалау актісін енгізді", - дейді прокурорлар.