Қостанай облысында саңырауқұлақ теріп жүргендер қыздың мәйітін тауып алды

0
696

Алдын ала божам бойынша өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.


Қостанай облысында саңырауқұлақ теріп жүргендер қыздың мәйітін тауып алды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында саңырауқұлақ теріп жүргендер қыздың мәйітін тауып алды, деп жазады stan.kz.

Оқиға туралы ақпаратты Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Видеоны Қостанай облысының тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы таратуда.

"Біз мәйітті кездейсоқ көрдік. Міне оның көлігі. Алдыңғы жағында балалар орындығы бар", - делінген желідегі видеода.

27 тамыз күні сағат 17.00-де Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде саңырауқұлақ терушілер өзіне қол жұмсаған қыздың денесін тапты.

Қазіргі уақытта полицейлер аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

"Тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды" - делінген хабарламада.