Қостанай облысында вагон үйден өрт шығып, бір әйел көз жұмды

0
1 299

Өртке электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.


Қостанай облысында вагон үйден өрт шығып, бір әйел көз жұмды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында тұрып жатқан вагоннан өрт шығып, бір әйел адам көз жұмды, деп жазады zakon.kz.

Оқыс оқиға 20 желтоқсан күні сағат таңғы 5 шамасында Арқалық-Торғай бағытында жол жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымға тиесілі вагонда орын алған.

Қызыл алау вагонның 25 шаршы метрін қамтыған. Салдарынан 1967 жылғы әйел адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол аспазшы болып жұмыс істеген.

Өртке электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.