Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

0
958

Жол апаты салдарынан зардап шеккен үш адам ауруханада жатыр


Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Қостанай-Сарыкөл жолында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп жазады sputniknews.kz.

Жол апаты 23 шілдеде сағат 18.00 кезінде Қостанай-Сарыкөл жолының 10 шақырымында болған.

Қостанайға бара жатқан "Фольксваген Гольф" көлігінің 65 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "Мазда" көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 53 жастағы "Мазда" жүргізушісі сол жерде жан тапсырады.

"Мазда" ішінде отырған 4 жолаушы түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі - 41 жастағы әйел ауруханада көз жұмды.

Бұл факті бойынша тергеу жұмыстары басталды. "Фольксваген Гольф" көлігінің жүргізушісі рөлде ұйықтап кетті деген болжам айтылуда.