Қостанай облысында жол апатынан жүкті әйел қайтыс болды

0
895

Қайғылы оқиға Қостанай-Әулиекөл тас жолында болған.


Қостанай облысында жол апатынан жүкті әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жол апаты салдарынан жүкті әйел қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

29 қазан күні Талапкер және Айсара ауылдарының арасында болған.

Басылымның жазуынша, қаза тапқан әйелдің артында 4 баласы қалды.

"Минивэн" көлігінің жүргізушісі жол белгілері талаптарын елемей, қарсы бетке шығып, көп балалы отбасы отырған "Лада Калина" көлігімен соқтығысты. "Лада Калина" жүргізушісі аман қалды. Төрт бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. "Минивэн" жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.