Қостанай облысында жолда қозғалған мұз жүргізушілерді таңғалдырды

0
567

Видео авторы мұндайды бұрын-соңды көрмегенін айтады.


Қостанай облысында жолда қозғалған мұз жүргізушілерді таңғалдырды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жүргізушілер жолды жауып қалған мұзды видеоға түсірді. Кадрларда мұз жол бойымен қозғалып барады, деп жазады Tengrinews.kz.

Видео авторы мұндайды бұрын-соңды көрмегенін айтады.


Қостанай облысы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев 18 сәуірден бастап мұз сеңінің кесірінен жолдар жабылғанын атап өтті.

"Бұл Сарыкөл ауданындағы республикалық маңызы бар жол. Биіктігі 5 метрге дейінгі мұз сеңі шамамен 500 метр жолды жауып тастады. 19 сәуір таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша, 50 метр мұзды алып тастау ғана қалды. Бұл табиғи құбылыс. Мұның бәрі қатты желден болып отыр", - деді Олжас Нұрғалиев.

Еске салайық, бүгін, 19 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Көкшетауда үсік болады. Синоптиктердің болжамынша, аптаның ортасында түнде Алматыда да ауа температурасы төмендейді.