​Қостанай тұрғыны ақша бермеген анасын ұрып өлтірді

0
925

44 жастағы ұлы анасын соққыға жығып, өлтіріп қойған


​Қостанай тұрғыны ақша бермеген анасын ұрып өлтірді

ERNUR.KZ. 44 жастағы Лисаков қаласының тұрғыны ішімдікке ақша бермеген анасын соққыға жыққан, депжазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Лисаков қаласында болған.

«Қала пәтерлерінің бірінде 44 жастағы ұлы анасын соққыға жыққан. Белгілі болғандай, ол анасынан ішімдікке ақша сұрайды. Алайда, зейнеткер ұлына спирттік ішімдікті сатып алуға ақша беруден бас тартқан», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Алған жарақаттарының салдарынан егде әйел көз жұмды