Қостанайда ауаны ластағандарға айыппұл салынды

0
379

Әбден тығырыққа тірелген жұрт қоқыс полигоны мен ет комбинатының үстінен құзырлы орындарға шағымданды.


Қостанайда ауаны ластағандарға айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Қостанайда ауаны ластаған екі кәсіпорынға айппұл салынды. Қалада бірнеше шағынауданның тұрғындары көктем шыққалы түтінге тұншығып отырғанын бұған дейін айтқанбыз, деп жазады zakon.kz.

Әбден тығырыққа тірелген жұрт қоқыс полигоны мен ет комбинатының үстінен құзырлы орындарға шағымданды. Себебі мамырдың басында тұтанған өрт палигонда бір ай бойы бықсып сөнбеді.

Ал ет комбинаты қалдықтарды өртегенде талаптарды сақтамаған.

Қоқыс полигонына 345 мың теңге, ет комбинатына 259 мың теңге айыппұл салынып, кемшілікті жоюға міндеттелді.