Қостанайда бір жарым ай бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен жігіт өлі табылды

0
607

Отбасы жігіттің сабырлы, жауапкершілігі мол және мейірімді болғанын айтады. Бұған дейін ешқашан жоғалмаған және тек өз үйінде түнеген екен.


Қостанайда бір жарым ай бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен жігіт өлі табылды

ERNUR.KZ. Қостанайда бір жарым ай бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен Ғали Сейтжановтың денесі табылды. 7 қарашада 18 жастағы жігіттің мәйіті табылғаны туралы "Дос" іздеу-құтқару қызметінің еріктілері мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Жігіт 15 қыркүйекте жоғалып кеткен. Ол Карл Маркс, 7 мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Ғалиасқардың отбасы жігіттің сабырлы, жауапкершілігі мол және мейірімді болғанын айтады. Бұған дейін ешқашан жоғалмаған және тек өз үйінде түнеген екен.

Марқұмның үлкен ағасы Алмаз Қадырбаев "Наш Костанай" газетіне берген сұхбатында Ғалиасқардың құпия жағдайда жоғалып кеткенін айтқан. Із-түссіз кетпес бұрын ол бұғанасын сындырып алған, алайда бұл туралы жақындарына хабарламапты.

Сонымен қатар Ғалиасқар "СарыарқаАвтоПром" ЖШС жұмыстан шығып, әскерге барғысы келетінін айтқан. Жігіт толығымен жазылған соң Отан алдындағы борышын өтемекші болыпты. Алмаз Қадырбаевтың сөзінше, бұл інісінің өз қалауы болған және мұндай шешімге саналы түрде келген.

"Ол ата-анаммен және ініммен бірге тұрды. Ішпейтін, шекпейтін. Ғалиасқар тек жұмысына және спортзалға барып, бірден үйге қайтатын. 15 қыркүйек күні кешке інім хабарласып, келе жатқанын айтты. Мен оны алып кетуім керек еді, бірақ ешкім келмеді. Ұялы телефоны сөніп тұрды. Ғалиасқар үйде де түнемеді. Келесі күні, 16 қыркүйекте ол анама хабарласқан. Осыдан кейін інім байланысқа шықпады. Полицияда қоңырауды талдап тексеру арқылы 16 қыркүйек күні оның "Апельсинге" такси шақырғаны анықталды. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған, алайда әрі қарай қайда кеткені белгісіз", - деп айтты марқұмның ағасы.

Ағасының айтуынша, ол өз еркімен жақындарына бұлай жасамауы керек, себебі анасы уайымдамауы үшін әрдайым хабарласып, қай жерде екенін айтып отырған. Мұндай әрекет жігітке жат дейді.

Алмаз Қадырбаев полицияда арызды тек үш күннен кейін қабылдағанын да қосып өтті. Қазір тергеу "Кісі өлтіру" бабы бойынша жүріп жатыр.