Қостанайда қарулы мигранттар баланың ұялы телефонын тартып алған - фейк

0
281

Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті жоққа шығарды.


Қостанайда қарулы мигранттар баланың ұялы телефонын тартып алған - фейк

«Қостанайда Ресейден келген төрт қарулы адам баланың ұялы телефонын тартып алған». WhatsApp мессенджерінде осындай ақпарат тарады. Бұл – жалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат – фейк. Облыста жедел және көші-қон жағдайы тұрақты. Аталған «факті» бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ. Сонымен қатар, соңғы күндері көші-қон ағымының артуы аймақтағы криминогендік жағдайға әсер еткен жоқ. Облыстық полиция штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақпараттың анық-қанығын тексерушілер әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.