Қостанайда мердігердің немқұрайлығынан ауыл тұрғыны көз жұмды

0
423

Әйел қараңғыда велосипедпен кетіп бара жатқан.


Қостанайда мердігердің немқұрайлығынан ауыл тұрғыны көз жұмды

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының сотында су құбыры желілерін жөндеумен айналысқан мердігер ұйымның прорабына қатысты іс қаралды. Құрылыс жетекшісінің немқұрайлығына байланысты жолай өтіп бара жатқан әйел қоршалмаған шұңқырға құлаған. Ол алған жарақатынан қайтыс болды, деп жазады inform.kz.

Хабарланғандай, әйел қараңғыда велосипедпен кетіп бара жатқан. Шұңқыр арнайы қоршаумен, топырақпен қоршалмаған, сонымен қатар төңірегі жарықтандырылмаған.

Сөйтіп ауыл тұрғыны шұңқырға құлаған. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды, бірақ өкінішке орай қайтыс болды.

Айыптаушы тарап шартты түрде 3 жылға соттауды сұрады.

— Сотталушы С. кінәсін толық мойындады, шын жүректен өкініш білдірді. Іс бойынша ауырлататын мән-жай анықталған жоқ. Сот үкімімен С. кінәлі деп танылды және оған ҚК 63-бабын қолдана отырып, 3 жыл мерзімге шартты жаза тағайындалды, — деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.