Қостанайда судьяға пара бермек болған адвокат ұсталды

0
1 192

Жеңіс Досмағамбетов 17 қазан күні Әулиекөл аудандық сотына 1 млн теңге көлемінде пара беру кезінде қолға түсті.


Қостанайда судьяға пара бермек болған адвокат ұсталды

ERNUR.KZ. Қостанайда сот адвокат Жеңіс Досмағамбетовке қатысты санкцияны қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қостанайдың мамандандырылған тергеу соты адвокат Жеңіс Досмағамбетовті 2 ай үйқамаққа алуға қатысты шараны санкциялау жөніндегі өтінішті қанағаттандырды», - деп хабарлады облыстық сот.

Адвокатқа жауапты мемлекеттік қызметте істейтін тұлғаның ірі көлемде қаржы алуына ықпал етті деген күдік келтіріліп отыр. Жеңіс Досмағамбетов 17 қазан күні Әулиекөл аудандық сотына 1 млн теңге көлемінде пара беру кезінде қолға түсті. Оны Сыбайлас жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының қызметкерлері ұстап, Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына отырғызды.