Қостанайда такси жүргізушісін "өзіне қол жүгіртті" деп айыптаған жолаушының ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

0
317

Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушы полицияға өзінің шағымы туралы айтып жатқанын байқауға болады.


Қостанайда такси жүргізушісін

ERNUR.KZ. 2023 жылы 24 желтоқсан күні бейтеныс әйел такси жүргізушісімен жанжалдасып қалғанына айтып, полицияға зжүгінген. Оқиға жолаушының үйінің жанында, Спортивная 8 мекенжайында болған, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушы полицияға өзінің шағымы туралы айтып жатқанын байқауға болады.

“Мен көлікке отырдым. Мекенжайды дұрыс көрсеттім. Мүмкін қосымшада қандай да бір ақау болған шығар, білмеймін. Бірақ мен көлікке отырғанда жүргізуші маған айтуға ауыз бармайтын, неше түрлі сөздер айта бастады. Біріншіден, ол мені балағаттады. Кейін маған қол жүгіртпек болды. Өтінемін, тезірек келіңіздерші”, – деп жылады қыз.

Видеодан кенет тынысы тарылып, жағдайының ауырлай бастағанын көруге болады. Бірде есінен танып қалады. Қыздың жағдайын көріп, қорқып кеткен такси жүргізушісі айналасындағы адамдардан жедел жәрдем шақырып беруін өтінген.

Оқиға орнына дереу полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келіп, қызға қажетті медициналық көмек көрсетті.

Полиция такси жүргізушісінің тарапынан ешқандай құқықбұзушылық болмағанын анықтаған. Осыған байланысты материал номенклатуралық істен алынады. Жолаушы да өз айыптарынан бас тартты.

Жүргізуші мен жолаушы арасындағы жанжал қосымшада дұрыс көрсетілмеген мекенжайға қатысты туындаған. Сондай-ақ қыз полиция мен жедел жәрдем келгенде жүргізушінің өзіне қол жүгірткені жайлы әңгімені есіне түсіре алмаған.