Қостанайда трактор аударылып үш адам көз жұмды

0
978

Көлікте 4 адам болған.


Қостанайда трактор аударылып үш адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Қарасу ауданында трактор аударылып үш жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиғаға полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.

Жол апаты Комсомол ауылының маңында болған.


"Жол апаты "К-744" маркалы трактордың аударылып кетуінен болған. Тракторда көрші ауылға бара жатқан жұмысшылардың болғаны анықталды. Көлікте 4 адам болғаны белгілі. Өкінішке орай, үш адам оқиға орнында қайтыс болды, біреуі зардап шеккен жоқ. Жол - көлік оқиғасының себебі тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады облыстың полиция департаменті.


Қарасу ауданы әкімдігінің мәліметінше, "Astana Grand Trade" ЖШС қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетті. Оқиғаны тергеу ерекше бақылауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды және қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде.