​Қостанайда үшем дүниеге келді

0
1 193

Үшемдер 29 маусым күні өмірге келді.


​Қостанайда үшем дүниеге келді

ERNUR.KZ.Күйеуі 25 жаста. Олег Алименконың айтуынша, олар үшемнің ата-анасы боламыз деп күтпепті, деп жазады zakon.kz.

«Дәрігерлер үшемнің өмірге келетінін айтты. Әйелім жағынан да, өзімнің қанымда да үшемдер тумаған. Біз үшін тосын жайт болды», – дейді үшемнің әкесі.

Үшемдер 29 маусым күні өмірге келді. Үшемнің бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

«Полина, Асофья, Варвара есімді қыздарыма қазір көмек керек. Ата-әжесі қарайлап жатыр. Мемлекетке үш баланы сыйладық. Енді бізге де баспана жағынан көмектессе екен», – дейді Олег.

Әкесі автоэлектрик болып жұмыс істейді.