Қостанайда жолаушылар автобусы отқа оранды (видео)

0
746

Өрт кезінде қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.


Қостанайда жолаушылар автобусы отқа оранды (видео)

ERNUR.KZ. Қостанайда тапа-талтүсте жолаушылар автобусы отқа оранды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оқиға 21 маусымда "Аэропорт" шағын ауданында болған. "Вольво" жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Төтенше жайттың видеосын басылым редакциясына куәгерлер жіберіпті.

Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, автобустың қозғалтқышы мен салонының бір бөлігі өртенді. Абырой болғанда, өрт кезінде қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.

Өрт жеті минутта сөндірілді, алдын ала себебі – қысқаша тұйықталу. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.