Қостанайда жылу энергетикалық компаниясының директоры сотталды

0
459

Үкім заңды күшіне енді.


Қостанайда жылу энергетикалық компаниясының директоры сотталды

ERNUR.KZ. Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" басшысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады sputnik.kz.

Сонымен қатар Асқар Бекпағанбетовке мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры Асқар Бекпағанбетов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған. Ол газмазут жанарғыларын жеткізуге "КосДинКом" ЖШС-мен бұрын жасалған шартты заңсыз бұзып, "Теплоэнергомонтажстрой" ЖШС және "Алатаустрой-2009" ЖШС-мен оның бақылауындағы компаниялармен жабдықтарды Қостанай жылу энергетика орталығына жоғары бағамен жеткізу және монтаждау үшін басқа шарт жасаған", - делінген хабарламада.
Салдарынан мемлекетке 15 млн. теңге көлемінде залал келтірді.
"Теплоэнергомонтажстрой" ЖШС кәсіпорындарының басшылары Рүстем Зиннатуллин мен "АлатауСтрой-2009" ЖШС Төлеген Тұрлұғұловты мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.