Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған аруды құтқарды

0
366

Қазіргі уақытта полицейлер қыздың ата-анасын анықтап жатыр.


Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған аруды құтқарды

ERNUR.KZ. 18 жасар қыз үлкен көпірге жақын маңда өмірімен қош айтысуды шешкен, деп жазады zakon.kz.

Ол Тобыл өзенінің ортасына қарай кеткен. Оны сол жерден өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап, полицияға хабар берген.

Оқиға орнына Қайрат Қожахметов пен Мақсат Бәкіржан құрамындағы автопатруль қызметкерлері жедел келіп, қызды жағаға тез шығарып алды.

"Қоңырау түскен бойда біз бірден көпірге жеттік, қыз суда болды. Мен еш ойланбастан суға секірдім. Әріптесім мені жағалауда сақтандырып тұрды. Қыз тереңдікте болған жоқ, сондықтан оны жағаға тез шығарып, тексеріп, жедел медициналық жәрдемнің қолына тапсырдық", – деді Мақсат Бәкіржан.

Қазіргі уақытта полицейлер қыздың ата-анасын анықтап жатыр. Онымен психологтар жұмыс істейтін болады.

Мақсат Бәкіржан тәжірибелі полиция қызметкері, Ішкі істер органдарында 2013 жылдан бастап, ал Қайрат Қожахметов 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Жұмыс барысында олар азаматтарға бірнеше мәрте көмек көрсеткен.