Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 36 адам болды

0
836

10 кенші іздестіріліп жатыр.


Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 36 адам болды

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 36 адам болды, - деп жазады Tengrinews.kz.

29 қазан сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша, 36 адамның денесі табылды, 10 кенші іздестіріліп жатыр.

"Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.