ҚР ИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды

0
1 225

Алмас Батанов ҚР ИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.


ҚР ИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды

фото: primeminister.kz

Алмас Батанов ҚР ИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, -деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Алмас Сұлтанұлы 1977 жылы Алматы қаласында дүние келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономика мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматыдағы технология және бизнес университетін өндірістік стандарттау және сертификаттау инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы Ноттингем университетінде (Болашақ) ақпараттық технологиялар менеджменті магистрі мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Метрология» РММ Алматы қалалық филиалының жетекші мамандығынан бастаған.

2000-2007 жылдары «КазМетрИн» РММ-ң Оңтүстік Қазақстандағы филиалының бас маманы, бөлімінің басшысы, басқармасының басшысы, басшысының орынбасары, орталығының басшысы болып жұмыс істеді. 2011-2012 жылдары Экономикалық зерттеу институтының бас сарапшысы, 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Стратегиялық зерттеу және талдау орталығының сарапшысы, консультанты, референті болып қызмет атқарған. 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Өңірлік мониторинг және бағалау департаментінің директоры, 2013-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, 2016 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасары болды. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.