ҚР ИИДМ мен «Қазақстан темір жолы» Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтаруға әрекет етіп жатыр

0
376

2022 жылғы 5 наурыздағы деректер бойынша Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1007-ден астам жүк вагоны тұрып қалған.


ҚР ИИДМ мен «Қазақстан темір жолы» Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтаруға әрекет етіп жатыр

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтаруға әрекет етіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 5 наурыздағы деректер бойынша Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1007-ден астам жүк вагоны тұрып қалды.

Сонымен қатар, Украинаға барар жолда әртүрлі жүктер тиелген 680 вагон тоқтатылған. Оның ішінде 371 вагон кеше басқа бағыттарға жіберілді.

Халықаралық тасымалдарлда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанында жедел желі ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізілуде.

ҚР ИИДМ жедел желісінің телефондары:

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығы: +7 (7172) 98-35-35, 98-35-33;

ҚР ИИДМ Ахуалдық орталығының WhatsApp нөмірі: + 7 708 088 0 800

Ақтау, Солтүстік терминал, Құрық порттарындағы жедел желі телефондары:

Ақтау теңіз сауда порты

8 7292 44 51 27 - коммерциялық жұмыс бөлімі;

+7 775 362 72 73 - Әнуар Немышев, маркетинг және сату бөлімінің бастығы;

8 7292 44 51 51 - маркетинг және сату бөлімі.

Солтүстік терминал

8 7292 20 38 78 (1024) Расул Шайханов - экспедициялау қызметінің басшысы;

8 (7292) 20 38 78 (1028) Александр Сливко - көлік-экспедиторлық қызмет маманы;

8 (7292) 20 38 78 (доб.1042) Ержан Байтақов - бөлім басшысы.

Құрық порты

+7 776 025 77 77 Айтқали Нұрмағамбетов;

+7 705 169 04 44 маркетинг және сату бөлімі

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жедел желісі:

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС 8 (702) 164-55-39, 60-31-33 - жүктерді басқа мекенжайға жіберу туралы (станцияларды өзгерту, алғашқы тиеу станциясына қайтару және т.б.) өтінімдер қабылдау және кеңес беру;

"ҚТЖ "ҰК" АҚ - кедендік қызметке байланысты сұрақтар бойынша кеңес беру тел. 60-30-19, 8 (701) 341-32-20

Ресей, Украина, Белоруссия және ЕуроОдақ аумағында тасымалды ұйымдастыру бойынша кеңес беру тел. +7(702) 788-68-87