ҚР ІІМ Арыстанбек Мұхамедиұлының «суицид әрекетіне» қатысты мәлімет берді

0
606

Әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында Ұлттық музейдің экс-директоры, оған дейін Мәдениет және спорт министрлігін басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда өз-өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тарады.


ҚР ІІМ Арыстанбек Мұхамедиұлының «суицид әрекетіне» қатысты мәлімет берді

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында Ұлттық музейдің экс-директоры, оған дейін Мәдениет және спорт министрлігін басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда өз-өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ол ақпаратта жаңсақтық бар екенін мәлім етті.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы суицид жасамақ болды. Бірақ бұл 2022 жылдың мамыр айында, экс-директор уақытша ұстау изоляторында болған кезде орын алған», - дейді комитеттің баспасөз қызметіндегілер.