ҚР Қорғаныс министрі тағайындалды

0
3 745

Нұрлан Ермекбаев жаңа қызметке тағайындалды.


ҚР Қорғаныс министрі тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы туған.

1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі Әскери Қызыл ту институтының шығыс тілдері факультетін тәмамдаған.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген. Орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген. Саяси ғылымдар кандидаты.

1984 жылдан бастап 1985 жылға дейін - Ангола Халық Республикасында қызметтік іссапарда болды.

1986 жылдан бастап 1996 жылға дейін - КСРО Қарулы күштері Бас штабы жүйесіндегі бөлімдерде қызмет етті.

1990 жылдары КСРО ҚК қатарынан босатылған соң сыртқы экономикалық компанияларды басқарған.

1993 жылдан бастап 1995 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкілдігінің аға сарапшысы.

1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін - Алматы сауда-қаржы банкі басқарма төрағасының кеңесшісі.

1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін - «Қазақстанның халық банкі» ААҚ-ның Қытай Халық Республикасындағы өкілдігінің басшысы.

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2003 жылдан бастап 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Сингапурдағы уақытша сенімді өкілі (дипмиссия басшысы).

2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары.

2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Корея Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.

2016 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрі.

2018 жылғы 4 сәуірдегі Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді.