ҚР Президенті қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады

0
1 208

​Қазақстанда Спорт күні тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді.


ҚР Президенті қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Еліміздің барлық азаматтарын Спорт күнімен құттықтаймын! Жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын! Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! Үкімет пен Парламент спорттың бұқаралық сипат алуына ықпал етуі тиіс!», деп жазды Мемлекет басшысы Twiitter-дегі парақшасында.

Қазақстанда Спорт күні тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Барлық өңірде спорттық жарыстар ұйымдастырылады.