ҚР СІМ: Алдағы уақытта Вьетнаммен арада визасыз режим күшіне енеді

0
824

Қазақстан мен Вьетнам өзара визасыз режимді енгізуді жоспарлап отырғаны туралы 2023 жылы 15 маусымда белгілі болды.


ҚР СІМ: Алдағы уақытта Вьетнаммен арада визасыз режим күшіне енеді

ERNUR.KZ. 2023 жылы 25 желтоқсанда өткен арнайы баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим жақын күндері іске қосылатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, қажетті рәсімдерді аяғына жеткізу қалып тұр.

"Алдағы уақытта қос тарап мемлекетішілік процедураны аяқтаған соң, Вьетнаммен арада визасыз режим күшіне енеді".Айбек Смадияров

Қазақстан мен Вьетнам өзара визасыз режимді енгізуді жоспарлап отырғаны туралы 2023 жылы 15 маусымда белгілі болды.

"Екі тараптың келісіміне сәйкес, Қытай және Қазақстан азаматтары көрші елде шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін визасыз бола алады. Жалпы 180 күн ішінде визасыз 90 күннен артық жүре алмайды", делінген құжатта.

20-22 тамыз аралығында Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті Ван Тхуонгтың шақыруымен Ханойға ресми сапармен барды. Қазақстан Президентінің Вьетнамға сапарының қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике жарияланды.