ҚР СІМ Инвестициялар комитетіне жаңа басшы келді

0
687

«Болашақ» бағдарламасының түлегі.


ҚР СІМ Инвестициялар комитетіне жаңа басшы келді

ERNUR.KZ. Рустам Маратұлы Исатаев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Рустам Исатаев 1986 жылы туған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Дарэм университетін (Ұлыбритания) экономика мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бастаған.

2009-2012 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, келесі екі жыл ішінде Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының консультанты болып қызмет еткен.

2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Ол Астана әкімдігінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК »АҚ-ның қызметіне жетекшілік етті.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.