ҚР Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесу өткізді

0
839

Кездесулер барысында Қазақстанның осы мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы мәселелері мен перспективалары талқыланды.


ҚР Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесу өткізді

ERNUR.KZ. БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан СІМ басшысы Махмуд Куреши, Кипрдің СІМ басшысы Никос Христодулидис, Норвегияның СІМ басшысы Инэ Сёрейде, Хорватияның СІМ басшысы Гордан Грлич Радманмен жеке-жеке келіссөз өткізді.

Кездесулер барысында Қазақстанның осы мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы мәселелері мен перспективалары талқыланды.