Кредитін төлей алмай жүргендерге 300 мың теңге қыркүйектің басында беріледі - Halyk Bank

0
7 918

Ол ақша қыркүйектің 2 түсуі керек деп болжап отырмыз, онда біз 5 қыркүйекте әлеуметтік осал топқа жататын адамдардың несиесінен 300 мың теңгені шегере бастаймыз - Ертай Сәлімов.


Кредитін төлей алмай жүргендерге 300 мың теңге қыркүйектің басында беріледі - Halyk Bank

ERNUR.KZ. Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Ертай Сәлімов әлеуметтік жағдайы нашар азаматтардың несиесінен Үкімет бөлген ақша қашан шегерілетінін айтып берді, деп жазады Zakon.kz.

"Біз айыппұлдар мен үстемеақыны қайта қарап, бәрін шегеріп тастадық. Енді 300 мың теңгенің жайына келетін болсақ, бұл жеңілдікке ие болатын адамдардың тізімін қарап, оны түзіп шықтық. Енді Үкіметтің ақша бөлгенін ғана күтіп отырмыз. Ол ақша қыркүйектің 2 түсуі керек деп болжап отырмыз, онда біз 5 қыркүйекте әлеуметтік осал топқа жататын адамдардың несиесінен 300 мың теңгені шегере бастаймыз", - деді Ертай Сәлімов.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жекелеген санаттағы азаматтардың қаржылық жағдайын жақсарту үшін мемлекеттің белгілі бір деңгейде көмектесетінін мәлім етіп, Жарлыққа қол қойған. Ол құжатқа сәйкес, көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан мүгедектерге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар несиелік амнистияға жатады