Кредитті уайымдамаңыздар, жерге тастамаймыз - Абаев

0
837

Мемлекет ешкімді тастамайды, көмектеседі.


Кредитті уайымдамаңыздар, жерге тастамаймыз - Абаев

ERNUR.KZ. ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте халықты төтенше жағдай кезінде барлық талаптарды орындауға шақырды, деп жазады baq.kz.

Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген жерде жұғуы мүмкін дегенді білдіреді. Көп адам бұл ескертуге салғырт қарайтынын көріп отырмыз. Мысалы, кеше – бір күн ішінде ғана төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 237 адам жауапқа тартылса, оның 74-і қамауға алынды. Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін. Бұған жол беруге болмайды, - дейді Абаев.

Ол сондықтан өзімізді, жақындарымызды ойлап, карантин шараларын бұзбауға шақырды.

Жұмысты, кредитті, бизнесті уайымдамаңыздар. Мемлекет ешкімді тастамайды, көмектеседі. Зейнеткерлерге дәрі апаруға, мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізуге көмектесеміз. Бұғаг дейін бірнеше рет айтқанымыздай, жұмыстан босағандар немесе ақы төленбейтін демалысқа шыққандар мемлекет тарапынан төлем алады.Осындай жағдайда үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға резервтен 14,7 миллиард теңге бөлді. Оған қоса дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күресіп жатқан адамдарға жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін 21, 4 миллиард теңге бөлінді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдіктеріне жеке қорғаныс құралдарын, дәрі және медициналық құралдар сатып алуға 10, 7 миллиард теңге қарастырылған - дейді министр.