ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімді мерзімінен бұрын тоқтатты

0
1 078

​Жол жүру құжатын рәсімдеу BILET.RAILWAYS.KZ сайтында, касса және басқа да онлайн сервистерде жүргізіледі.


ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімді мерзімінен бұрын тоқтатты

ERNUR.KZ. Ұлттық теміржол тасымалдаушысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және "Instant Payments" ЖШС жолаушылар пойыздарына электронды жол жүру құжаттарын ресімдеу және сату туралы шартты мерзімінен бұрын бұзды, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық компания бұл қызметтерді өзі ұсынады. Жол жүру құжаттарын ресімдеу BILET.RAILWAYS.KZ сайтында, кассаларда және онлайн сервистерде әдеттегі режимде жүргізіледі.
Ұлттық компания "Instant Payments" ЖШС-мен 2014 жылы 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істеуге келіскен еді.
БАҚ-тың хабарлауынша, "Instant Payments" компаниясы Әлия Назарбаеваға тиесілі.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысы компанияның орталық аппаратының жаңа құрылымын бекіткенін хабарланды. Бұрын ҚТЖ-да басқарма төрағасының алты орынбасары болса, енді тек екеуі ғана қалды.