ҚТЖ "тыңдайтын" жамылғы түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді

0
1 057

Ер адам жамылғыдан ішінде чип, магнит, антеннасы бар құрылғы тапқан.


ҚТЖ

ERNUR.KZ. Желіде қазақстандық пойызда түсірілген видео тарап жатыр. Видео авторларының айтуынша, жамылғыдан тыңдауға арналған құрылғы табылған, деп жазады tengrinews.kz.

Оқырмандар видеоны редакцияның WhatsApp-нөміріне +7 777 001 44 99 жолдаған. Ер адам камераға төсек-орын жабдығының таңбасын көрсетеді, онда қазақстандық өндіруші фирманың атауы жазылған. Сосын ер адам таңбашаны кесіп, ішінен бір зат алып шығады.

"Ішінде дыбыс жазатын құрылғы бар. Мұнда чип, магнит, антеннасы бар", - дейді видеоның авторы. "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі осы видеоға қатысты пікір білдірді. "Әлеуметтік желіде таралып жатқан видеода RFID-технологиясы (Radio Frequency Identification) түсірілген. Бұл - электрон сәйкестендіру белгісі. Ол мобиль және стационарлық құрылғылар арқылы осы жұмсақ заттарды қабылдау және өткізу кезінде санауға мүмкіндік береді. Белгі қай күні берілгенін, қай күні қолданысқа енгенін, жоспарлы өңдеу қашан жүргенін, жолаушылар пойызында заттарды санауға автоматтандыруға мүмкіндік береді", - дейді ұлттық компания өкілдері.


Сондай-ақ, ҚТЖ жолаушылардан компания меншігін бүлдірмеуге шақырды. RFID-белгілер әр түрлі болады, оларды кітапханада, киім дүкендерінде, медицинада, багаждарды бақылау жүйесінде және басқа да салаларда қолданады.