ҚТЖ "Жібек жолын" жалға алған компаниядан кемеге қатысты жағдайды түсіндіруді сұрады

0
398

Кеше БАҚ Украина Бас прокуратурасы жүк кемесін ұстап, қамауға алу жөнінде Түркияға сұрау салғанын хабарлады.


ҚТЖ

ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қазақстандық "Жібек жолы" кемесін жалға алушы компаниядан Украинадан Түркияға астық тасымалдау кезінде болған жағдайды түсіндіруді талап етті, деп жазады sputnik.kz.

"Кеше БАҚ Украина Бас прокуратурасы жүк кемесін ұстап, қамауға алу жөнінде Түркияға сұрау салғанын хабарлады. Бұл өтініштің нақтылығын Украинаның уәкілетті мемлекеттік органдары тексереді. Екі елдің елшілері белсенді консультациялар жүргізіп жатыр", - делінген ҚТЖ хабарламасында.
Бұған дейін сату мәмілесі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында жүргізілгені хабарланған болатын. Еуропада тіркелген компания мәміленің заңды екенін мәлімдеп отыр.
"Жағдайды түсіндіру және халықаралық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚТЖ кемені жалға алушыға барлық растаушы құжатты (келісімшарттар, куәліктер және т.б.) қоса бере отырып, мән-жайды жедел түрде егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрап хат жолдады", - деп хабарлады ҚТЖ.
Ұлттық компания халықаралық құқық нормаларын сақтауға бейіл екенін тағы да атап өтті.
30 маусымда бірқатар БАҚ-та қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталғанытуралы ақпарат жарияланды.
Кеше ҚТЖ бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"KTZ Express" АҚ 2021 жылғы 26 қазанда "KTZ Express Shipping" ЖШС (кеме иесі) ресейлік Green Line LLC компаниясымен бербоут-чартер шартын жасасқанын мәлімдеді, оның ішінде келесі шарттарда:
- дедвейті 7000 тонна "Жібек жолы" кемесі үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз берілді (2016 жылы Невский кеме жасау және жөндеу зауытынан сатып алынды);
- 2022 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды;
- халықаралық тәжірибеге сәйкес санкциялық тармақ бар: "Green Line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісімшарт жасасқан күні және әрекет ету мерзімі ішінде оларға ешқандай санкциялар қолданылмайтындығына кепілдік береді. Әйтпесе, кеме иесі келісімшарттарды дереу бұзуға құқылы.
Green-Line" ЖШС және оның басшылығы (Шепин А.В., Тихомирова М.В.) АҚШ, ЕО, Ұлыбритания және Канаданың санкциялық тізіміне енбеген.
Тәжірибеге және жасалған шарттарға сәйкес жалға алушы жүктің түрі мен оны тасымалдау бағыттары бойынша Кеме иесімен келіспейді.
"Green-Line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдан бері астық және мұнай трейдері ретіндегі эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.
Mangelbert OU басшысының айтуынша, 2022 жылдың 28 маусымында "Жібек жолы" кемесі Бердянск теңіз сауда портында (6 927,8 тонна) бидай тиеп, порттан Түркияның Қарасу порты бағытында шықты (болжалды уақыт бойынша кеме 2022 жылдың 1 шілдесінде келеді). Сонымен қатар ол астықтың украиндық екені, ал тасымалдау украин тарапының өтініші бойынша келісілген гуманитарлық дәліз бойынша жүзеге асырылатынын жеткізді.
Бұл ретте "KTZ Express" АҚ осы тасымалдауға қатысушылармен, сонымен бірге дипломатиялық миссия өкілдерімен белсенді консультациялар жүргізеді.