Куәлігінен айырылған жүргізуші жол апатын жасады: екі адам қаза болды

0
551

20 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен.


Куәлігінен айырылған жүргізуші жол апатын жасады: екі адам қаза болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында екі адам жол апатынан қаза болды - деп жазады Tengrinews.kz.

"11 тамызда сағат 18.40-қа қарай Opel Vectra көлігінің 20 жастағы жүргізушісі Ақтөбе - Богословка жолымен Сазда ауылынан Ақтөбе қаласына бара жатқанда қарсы бетке шығып кеткен. Сол кезде Toyota Camry көлігімен соғысқан", - делінген хабарламада.

Апат салдарынан Opel Vectra көлігінің екі жолаушысы ауыр жарақаттанған. Олар Ақтөбе Жедел медициналық жәрдем ауруханасында қайтыс болды.

Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы Ақтөбе Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. Үшеуінің дені сау, біреуі ауруханаға жатқызылған.

"Opel Vectra көлігінің жүргізуші Ақтөбе Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды. Ол 2019 жылы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1-бөлігі 608-бабы бойынша көлік айдау құқығынан үш жылға айырылғаны анықталды. Қазір алкогольдің бар-жоғын анықтау үшін қан тапсырды және химия-токсикологиялық сараптама жасалады", - деп мәлімдеді полициядағылар.