​"Қуандық Бишімбаев па?": Желіде барменді балағаттаған видео қызу талқыға түсті (видео)

0
1 948

"Сен кімсің? Жәй ғана барменсің. Маған виски құйып бер.."


​

Фото: Видеодан алынған скрин

Желіде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев болуы мүмкін делінген видео таралды. Ол елордадағы мекемелердің бірінде барменді балағаттап, қорқытқан.


Кадрлардан Бишімбаевқа ұқсас ер адам барменге сөзбен тиісіп, балағаттап жатқанын байқауға болады.

"Ешқашан әңгімеге араласпа. Сен кімсің? Жәй ғана барменсің. Маған виски құйып бер...", – дейді ол.

Желіде қолданушылар өз пікірлерін білдіруде. Олар адамдармен осындай қарым-қатынас жасайтын адам қалай билікке келді деп наразылықтарын білдіріп жатыр.


Айта кетейік, бұған дейін 11-12 наурыз аралығында Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен еді.

Ендігі сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурыз күні сағат 10.00-де өтетін болды.