Қуаныш Ерғалиев ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

0
781

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.


Қуаныш Ерғалиев ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Қуаныш Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп жазады tengrinews.kz.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, "Қазтұтынуодағы" Қарағанды экономикалық университетін, Tulane University және Harvard University (АҚШ) бітірген.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры.

2021 жылғы маусымнан бастап ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып жұмыс істеген.