Қуат Хамитов сотталып жатыр

0
2 592

Алмалы аудандық сотында ММА файтеріне қатысты іс қаралып жатыр.


Қуат Хамитов сотталып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Қуата Хамитов сотталып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.


«Алмалы аудандық сотында ММА файтері Қуата Хамитовқа қатысты іс қаралып жатыр. Күдікті ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімімен (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) істі боп жатыр. Бас сот талқылауы 18 қаңтар сағат 14:30-ға белгіленген», - деді Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметінен.


Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын. Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.