Құдалыққа тікұшақпен келіп, доллар шашқан: Ұлттық авиация орталығы пікір білдірді

0
741

Әлеуметтік желіде бұл тікұшақты "Ұлттық авиация орталығы жеке қолданысқа бергені" туралы жазып жатыр.


Құдалыққа тікұшақпен келіп, доллар шашқан: Ұлттық авиация орталығы пікір білдірді

ERNUR.KZ. Құдалардың тікұшақпен ұшып келіп, доллар шашқан видеосы ТікТок әлеуметтік желісінде тарап, қызу талқыға түсті. Кадрдан адамдардың жерден доллар жинап жүргенін көруге болады, деп жазады tengrinews.kz.

Ерекше құдалық Алматы облысына қарасты Тұздыбастау ауылында өткен болуы мүмкін, бірақ нақты емес.

Сонымен қатар облыстық полиция депаратаменті видеода ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін айтты.


Әлеуметтік желіде бұл тікұшақты "Ұлттық авиация орталығы жеке қолданысқа бергені" туралы жазып жатыр.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының баспасөз қызметі бұл тікұшақ ҚР санитарлық авиациясында пайдаланылмайтынын мәлімдеді .

"Жалпы, орталықтың балансында жеке әуе көліктері жоқ. Орталық жеткізушілерден авиациялық қызметтерді сатып алады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.