Құдалықтың жаңа түрі: тікұшақпен ұшып келіп, доллар шашты

0
978

Кадрдан адамдардың жерден доллар жинап жүргенін көруге болады.


Құдалықтың жаңа түрі: тікұшақпен ұшып келіп, доллар шашты

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар желіде пайда болған тікұшақтың видеосын талқылап жатыр, деп жазады inform.kz.

«Тік-ток» әлеуметтік желісінде тараған видеода құдалыққа құдалардың Тұздыбастау ауылына тікұшақпен ұшып келіп, доллар шашқаны айтылады.

Сондай-ақ, кадрдан адамдардың жерден доллар жинап жүргенін көруге болады.

Видеоны көрген желі қолданушылары бейнежазба астына түрлі пікір қалдырды. Олардың басым бөлігі "ысырап", "дарақылық", "мақтаншақтық" десе, енді бірі "жастар бақытты, қазағым бай-"қуатты болсын" деп жазды.

Алайда бұл видеоның Алматы облысына қарасты Тұздыбастау ауылында түсірілгені нақты емес.

Сонымен қатар облыстық полиция депаратаменті қазір жеке әуе компаниялардың көп екенін, видеода ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін айтты.