​"Күдіктіні заңсыз ұстап, ұрып-соққан": Байқоңырда полицейлер өкілетін асыра пайдаланғаны анықталды

0
622

Оған жалпы режимдегі түзеу колониясында 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


​

ERNUR.KZ. Байқоңырда өкілетін асыра пайдаланған полицейлер сотталды, деп жазады Stan.kz.

"Байқоңыр" кешені прокуратурасының ақпараты бойынша, олар Ресей Федерациясының Қылмыстық Кодексінің 3-бабы 286-бөлігінің "а" тармағында ("Зорлық-зомбылықпен жасау арқылы лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану") көзделген қылмысты жасады деп айыпталған екі полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.

Сот анықтағандай, сотталушылардың бірі полиция қызметкері бола тұра, 2017 жылғы 4 қазанда "Байқоңыр" кешеніндегі Ресей Ішкі істер министрлігінің кеңсесінде жәбірленушіні ұзақ уақыт заңсыз ұстаған.

"Ол қаладағы кәсіпорындардың бірінің мүлкін ұрлауға қатысы бар екенін мойындауды талап етті. Бұл ретте екінші сотталушы топтың құрамында әрекет етіп, жәбірленушіге күш көрсетті: бетінен және кеудесінен ұрып, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген", - деп атап өтті кешен прокуратурасында.

Сот қылмыстың мән-жайын назарға алып, мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келісе отырып, бір айыпталушыны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған жалпы режимдегі түзеу колониясында 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, "полиция подполковнигі" арнаулы атағынан айырып, 2 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салды.

"Сот екінші күдіктіге тағылған айыптан "зорлық-зомбылық жасады" деген квалификациялық белгіні алып тастап, оның әрекетін Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігіне ("Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану") қайта саралады. Оған айыппұл салынды", - деп толықтырды "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.