"Күйеуге шығасың, жолың ашылады": TikTok-та балгер әйел пайда болды (видео)

0
1 069

TikTok желісінде алдағы өміріңді санаулы секундта айтып беретін балгер пайда болды.


ERNUR.KZ. Өзін "Кенжегүл" деп таныстырған әйел қызметі ақылы екенін тікелей эфир кезінде ашып айтады, деп жазады exk.kz.

Картамен пал ашатын әйелден көмек сұрайтындар қарасы көп. Мәселен, бірі күйеуден ажырасқан қызының алдағы өміріне алаңдаса, енді бірі бала көтере алмай жүргенін айтқан. Ал тағы бірі сырқаттанған әжесі дертінен жазыла ма, жоқ па соны білгісі келіпті.

Бейнеден кадр

"Пәтер қашан аламын?" деген оқырман сұрағына өзін балгер санайтын әйел "Пәтер аласың, кішкене қиыншылық болып тұр. Жолың байлаулы. Қасыңдағы адамдарыңнан сақ бол. Көре алмайтын дұшпандарың көп" деп жауап береді.

"Есімім Төре. Алдымда не күтіп тұр? Жолым ашық па?" деген сауалға жеті карта арқылы пал ашқан балгер жігіттің жолын қыз бала қатты байлап тастағанын, сол үшін жолын ашу керек екенін айтып кеңес береді.

Кенжегүл есімді әйел осылайша TikTok-та қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп отырады. Ол қызметіне 200 теңгеден 2-3 мың теңгеге дейін алады.


Балгер әйел желідегі кезекті эфир кезінде аз ақша төлегендерге жауапты тек TikTok арқылы жауап беретінін, ал 2-3 мыңға дейінгі ақша аударғандарға Whats App арқылы жауап беретінін айтқан.

Бір қызығы, өзін балгер санайтын әйелге сенім артып, пікір жазушылар саны жетіп артылады. Ал теріс пікір жазатындарға "Өмір бумеранг, бір Алладан ғана қорқамын" деп жауап берген.